Home > Electrolux > Fridge freezer > Electrolux Ena 34933 X Kazakh Version Manual

Electrolux Ena 34933 X Kazakh Version Manual

    Download as PDF Print this page Share this page

    Have a look at the manual Electrolux Ena 34933 X Kazakh Version Manual online for free. It’s possible to download the document as PDF or print. UserManuals.tech offer 208 Electrolux manuals and user’s guides for free. Share the user manual or guide on Facebook, Twitter or Google+.

    							Қолдану туралы
    нұсқаулары
    Инструкция по
    эксплуатации
    Тоңазытқыш-мұздатқыш
    Холодильник-морозильник
    ENA34933X
    ENA38933X
     
    						
    							Electrolux. Thinking of you.
    Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
    сайтынан танысыңыз.
    МАЗМҰНЫ
    Қауіпсіздік туралы мағлұматтар  2
    Басқару панелі  5
    Бірінші қолдану  8
    Əркүндік қолдану  8
    Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
     12Күту менен тазалау  13
    Не істерсіңіз, егер...  15
    Техникалық сиппатама  16
    Орнату  16
    Қоршаған орта мəселелері  18
    Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
     ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
    Құрылғыны орнатып, ең алғаш
    пайдаланбас бұрын, өз қауіпсіздігіңіз
    бен құрылғыны дұрыс қолдану
    мақсатында, пайдаланушыға арналған
    бұл нұсқаулықты, оның ішінде кеңестері
    мен ескертулеріне назар салып оқып
    шығыңыз. Осы құрылғыны
    пайдаланатын адамдардың барлығы,
    қажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық
    апаттардың алдын алу үшін,оны
    пайдалану тəсілдерімен жəне
    қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
    функцияларымен жете таныс болуы
    керек. Осы қолдану туралы
    нұсқаулықты сақтап қойыңыз 
    жəне
    тоңазытқышты басқа адамдарға
    бергеніңізде немесе сатқаныңызда, оны
    пайдаланатын əрбір адамның
    бұйымның қолданыс мерзімі
    аяқталғанға дейін оған қатысты
    пайдалану жəне қауіпсіздік
    шараларынан хабардар болуы үшін
    нұсқаулықты да қоса беруді ұмытпаңыз.
    Адам өмірі мен құрылғының қауіпсіздігін
    қамтамасыз ету үшін осы пайдаланушы
    нұсқаулығындағы ескертулерді
    орындаңыз, себебі қадағалаудың
    жеткіліксіздігінен туған ақаулық үшін
    өндіруші жауапкершілік көтермейді.
    Балалар мен əлсіз адамдардың
    қауіпсіздігі
    •Бұл
     құрылғыны физиологиялық,
    сезімдік не болмаса ақыл-ой
    деңгейіне байланысты не пеш
    жұмысына қатысты тəжрибиесі мен
    білімінің аздығына байланысты
    пайдалана алмайтын адамдар(балаларды қоса алғанда), пешті
    пайдалану туралы ерекше
    нұсқауларды алмайынша не олардың
    қауіпсіздігіне ие адамның
    қадағалауынсыз пайдаланбауға тиіс.
    Балалар құрылғымен ойнамас үшін
    оларды қадағалап отыру қажет.
    •Машинаның орауыштары мен
    қорабын балалардың қолы жетпейтін
    жерде сақтаңыз. 
    Тұншығып кету қаупі
    бар.
    •Егер құрылғыны тастасаңыз, оның
    ашасын розеткадан суырыңыз да,
    қорек сымын қиып(құрылғыға
    барынша тақата)балалар ішіне кіріп
    қамалып не электр тогының қатерлі
    əсеріне ұшырамас үшін есігін ағытып
    алып тастаңыз.
    •Егер есігі магнитті тығыздағышпен
    жабдықталған бұл құрылғыны,
    есігінде не қақпағында серіппелі
    құлыбы бар ескі құрылғының орнына
    қоймақ болсаңыз, ескі құрылғыны ең
    алдымен
     оның серіппелі құлыбын
    жарамсыз етіп барып тастаңыз. Бұл
    құрылғыны бала ішіне қамалып
    қалатын қауіп көзіне айналудан
    сақтайды.
    Жалпы қауіпсіздік туралы
    мағлұматтар
    Назарыңызда болсын!
    Желдету тесіктерін ашық ұстаңыз.
    •Осы нұсқаулықта айтылғандай, бұл
    құрылғы əдеттегі үй жағдайларында
    2 electrolux
     
    						
    							тамақты жəне/немесе сусындарды
    сақтау үшін арналған.
    •Жібіту үдерісін жылдамдату
    мақсатында ешқандай механикалық
    немесе кез келген басқа жасанды
    құралды пайдаланушы болмаңыз.
    •Өндіруші рұқсат бермеген болса,
    тоңазытқыш құрылғылардың ішіне
    басқа электр құрылғыларды
    (балмұздақ жасайтын құрылғы
    сияқты) салып қолданушы болмаңыз.
    •Салқындатқыш зат ағатын жүйеге
    зақым келтірмеңіз.
    •Құрылғының салқындатқыш зат
    ағатын жүйесінде изобутан (R600a)
    жəне қоршаған ортамен
    сыйысымдылығы жоғары, бірақ сонда
    да жанғыш зат болып табылатын,
    табиғи газ болады.
    Құрылғының тасымалдау жəне орнату
    кезінде салқындатқыш зат жүйесіне
    зақым келтірілмейтініне көз жеткізіңіз.
    Салқындатқыш зат жүйесі
    зақымдалса:
    –жалын от пен тұтату көздері
    болмауы тиіс
    –құрылғы орналасқан бөлмені
    жақсылап желдетіңіз
    •Осы өнімді немесе оның сипаттарын
    өзгерту қауіпті. Кабельге зақым келсе
    қысқа тұйықталу, өрт шығу 
    жəне/
    немесе тоқ соғу қаупі төнеді.
    Назарыңызда болсын! Кез келген
    электрлік бөлшектерін (қуат сымы,
    аша, компрессор), қатерлі жағдай
    орын алмас үшін, куəлігі бар қызмет
    көрсетуші маманы немесе білікті
    техник маман ауыстыруға тиіс.
    1.Қуат кабелін ұзартуға болмайды.
    2.Қуат кабелі құрылғының артқы
    жағында мыжылып немесе
    зақымдалып қалмағанына көз
    жеткізіңіз. Мыжылған немесе
    зақымдалған қуат кабелі тым
    қызып кетіп, өрт шығуына əкелуі
    мүмкін.
    3.Құрылғының
     айыры қол жетерлік
    жерде орналасқанына көз
    жеткізіңіз.4.Айырды қуат кабелін ұстап
    тартпаңыз.
    5.Розетка босап кеткен болса,
    айырды оған қоспаңыз. Тоқ соғу
    немесе өрт шығу қаупі бар.
    6.Құрылғыны ішкі жарықтама
    шамының
    1) қалпағынсыз
    қоспаңыз.
    •Бұл құрылғы ауыр. Оны жылжытқан
    кезде абай болу керек.
    •Қолыңыз сулы болса, мұздатқыш
    бөліктен заттарды алмаңыз жəне
    оларға тимеңіз, себебі қолыңыздың
    терісі сыдырылып кетуі немесе
    қарылып қалуы мүмкін.
    •Құрылғыны ұзақ уақытқа тікелей күн
    сəулелерінің астына қоймаңыз.
    •
    Осы құрылғыдағы шамдар
    2) — тек үй
    құрылғылары үшін пайдаланылуға
    арналған арнайы шамдар. Оларды
    үйді жарықтандыру үшін қолдануға
    болмайды.
    Күнделікті пайдалану
    •Ыстық ыдысты құрылғы ішіндегі
    пластик жерлерге қоймаңыз.
    •Құрылғы ішіне тұтанғыш газ бен
    сұйықты қоймаңыз, себебі олар
    жарылып кетуі мүмкін.
    •Тағамды пештің артқы
    қабырғасындағы ауа шығатын
    саңылауға тура қарама-қарсы жерге
    қоймаңыз. 
    3)
    •Мұздатылған тағамды жібітіп алған
    соң оны қайта мұздатуға болмайды.
    •Алдын ала оралған тағамды
    мұздатылған тағам өндірушінің
    нұқсауларына сай сақтаңыз.
    •Құрылғы өндірушінің тағам сақтауға
    қатысты ұсыныстарын қатаң орындау
    керек. Тиісті нұсқауларға қараңыз.
    •Көмірқышқылдандырылған не
    көпіршитін сусындарды тоңазытқыш
    камераға қоймаңыз, себебі ыдысқа
    түскен қысым оның жарып,
    нəтижесінде құрылғыға нұқсан келуі
    мүмкін.
    •Мұздақтарды тоңазытқыштан алған
    бетте 
    пайдаланғанда аяз қарып
    жіберуі мүмкін.
    1) Егер шамның қақпағы бар болса.
    2) Егер шам бар болса.
    3) Егер құрылғыға мұз қатпайтын болса.
    electrolux 3
     
    						
    							Күтім жəне тазалау
    •Құрылғыға қызмет көрсетуді бастамас
    бұрын құрылғыны өшіріп, ашаны
    электр желісіндегі розеткадан суырып
    алыңыз. Егер желідегі розеткаға
    қолыңыз жетпесе, ток желісін өшіріп
    қойыңыз.
    •Құрылғыны металл заттармен
    тазаламаңыз.
    •Құрылғы қырауын тазалау үшін өткір
    заттарды пайдаланбаңыз. Пластик
    қырғышты пайдаланыңыз.
    •Еріген суды жинайтын табақшаны
    мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз.
    Қажет болса, табақшаны тазалап
    отырыңыз. Табақша толып 
    қалған
    жағдайда су құрылғының астыңғы
    жағына жиналады.
    Орнату
    Өте маңызды! Электр желісіне
    қосарда, арнайы бөлімдерде берілген
    нұсқауларды мұқият орындаңыз.
    •Құрылғы орамын ашып, оның еш
    жерінің бүлінбегенін тексеріп алыңыз.
    Құрылғының бір жері бүлініп қалса
    қоспаңыз. Қандай да бір бүлінушілік
    орын алғанда, құрылғыны сатып
    алған жерге дереу хабарлаңыз.
    Бұндай жағдайда қорабын сақтап
    қойыңыз.
    •Құрылғыны қоспас бұрын 
    оның майы
    компрессорға ағып құйылу үшін кем
    дегенде екі сағат күтіңіз.
    •Құрылғы айналасында ауа жеткілікті
    түрде айналуға тиіс, ауа айналымы
    жеткіліксіз болса құрылғы қызып
    кетеді. Желдету жеткілікті болу үшін
    орнатуға қатысты нұсқауларды
    орындаңыз.
    •Мүмкін болса, құрылғының жылы
    тұратын бөлшектерін (компрессор,конденсатор) ұстап қалып не оларға
    қол тигізіп алып күйіп қалмас үшін
    тоңазытқыштың арт жағын əрқашан
    қабырғаға қаратып қойыңыз.
    •Құрылғыны радиатор не пештердің
    қасына жақын орналастыруға
    болмайды.
    •Құрылғыны орнатқан соң оның
    ашасының қол оңай жететін жерде
    болуын қамтамасыз етіңіз.
    •Тек ауыз суы жүйесіне ғана жалғаңыз.
    4)
    Қызмет
    •Құрылғыны жөндеу үшін қажет электр
    жұмыстарын электр маманы не білікті
    адам жүзеге асыруға тиіс.
    •Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек
    уəкілетті қызмет көрсету орындары
    жүзеге асыру керек жəне құрылғының
    нағыз өз бөлшектері ғана
    пайдаланылуға тиіс.
    Қоршаған ортаны қорғау
    Бұл құрылғының салқындатқыш
    сұйығының құрамында да, изоляция
    материалдарында да озон
    қабатына зиян келтіретін газдар
    жоқ. Бұл құрылғыны тұрмыстық
    қалдық пен қоқыстар тасталатын
    жерге тастауға болмайды. Оның
    изоляция қабаттамасында
    тұтанғыш газдар бар: құрылғыны
    жергілікті құзырлы мекемелерден
    алынатын жарамды ережелерге сай
    тастау қажет. Салқындатқыш
    құралға, əсіресе оның қызу
    алмастырғышқа жақын артқы
    бөлігіне зиян келтірмеңіз.
    Құрылғыда пайдаланылған 
    белгішесімен белгіленген
    материалдар қайта өңдеуден
    өткізуге жарайды.
    4) Егер суға қосу қажет болса.
    4 electrolux
     
    						
    							БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
    1
    7
    6
    5
    2
    3
    4
    1Тоңазытқыш температурасын реттеу
    тетігі
    Минус түймешігі
    2Тоңазытқыш температурасын реттеу
    тетігі
    Плюс түймешігі
    3ON/OFF түймешігі
    OK түймешігі
    4Мұздатқыш температурасын реттеу
    тетігі
    Плюс түймешігі
    Таймер тетігі
    5Бейнебет
    6Мұздатқыш температурасын реттеу
    тетігі
    Минус түймешігі
    Таймер тетігі
    7Mode түймешігі
    Түймешіктердің алдын ала қойылған
    дыбысын қаттырақ етіп өзгерту үшін
    Mode түймешігін 
    7 жəне минус
    түймешігін 
    6 бірнеше секунд бірге
    басу керек. Осыны қайта өзгертуге
    болады.Бейнебет
    1112
    10
    1
    9
    8
    6
    7
    3
    2
    5
    4
    1Тоңазытқыш температурасының
    индикаторы
    2Қосымша ылғалдылық функциясы
    3Балалар құлпы функциясы
    4Тоңазытқышты сөндіру функциясы
    5Drinks Chill функциясы
    6Таймер
    7Мұздатқыш температурасының
    индикаторы
    8Ескерту индикаторы
    9Шопинг функциясы
    10Action Freeze функциясы
    11Eco Mode функциясы
    12Демалыс функциясы
    Қосу
    Құрылғыны қосу үшін, мына əрекеттерді
    орындаңыз:
    1.Ашаны розеткаға сұғыңыз.
    2.Бейнебет сөніп тұрса, ON/OFF
    түймешігін басыңыз.
    3.Бірнеше секундтан кейін ескерту
    құралы сигнал береді.
    Ескерту құралын бастапқы қалпына
    қайтару үшін, Жоғары
    температураны ескерту тарауын
    қараңыз.
    4.Температура индикаторы бастапқы
    орнатылған температураны
    көрсетеді.
    Орнатылған температураның басқа
    түрін таңдау үшін, Температураны
    реттеу тарауын қараңыз.
    electrolux 5
     
    						
    							Өшіру
    Құрылғыны сөндіру үшін, мына
    əрекеттерді орындаңыз:
    1.Мына ON/OFF түймешікті 5 секунд
    басыңыз.
    2.Бейнебет сөнеді.
    3.Құрылғыны электр желісінен ағыту
    үшін, ашаны розеткадан суырыңыз.
    Тоңазытқышты сөндіру
    Тоңазытқышты сөндіру үшін:
    1.Тиісті белгіше көрінгенше Mode
    түймешігін басыңыз.
    Тоңазытқыш сөндірулі индикаторы
    жыпылықтайды.
    Тоңазытқыш индикаторында үзік
    сызықшалар көрінеді.
    2.Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
    3. Тоңазытқыш сөндірулі индикаторы
    көрсетіледі.
    Тоңазытқышты іске қосу
    Тоңазытқышты
     іске қосу үшін:
    1.Тоңазытқыш температурасын реттеу
    тетігін басыңыз.
    Немесе:
    1.Тиісті белгіше көрінгенше Mode
    түймешігін басыңыз.
    Тоңазытқыш сөндірулі индикаторы
    жыпылықтайды.
    2.Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
    3. Тоңазытқыш сөндірулі индикаторы
    өшеді.
    Орнатылған басқа температураны
    таңдау үшін Температураны реттеу
    тарауын қараңыз.
    Температураны реттеу
    Тоңазытқыш пен мұздатқыштың
    орнатылған температурасын
    температура түймешігін басып реттеуге
    болады.
    Орнатылған əдепкі температура:
    •тоңазытқыш 
    үшін +5°C
    •мұздатқыш үшін -18°C
    Температура индикаторлары
    орнатылған температураны көрсетеді.
    Өте маңызды! Əдепкі температураны
    қайта келтіру үшін құрылғыны
    сөндіріңіз.
    Таңдалған температура 24 сағат ішінде
    орнайды.Орнатылған температураның бірнеше
    градусқа ауытқуы қалыпты жағдай, бұл
    құрылғыда ақаулық бар дегенді
    білдірмейді.
    Өте маңызды! Электр қуаты үзіліп
    қалса, орнатылған температура
    сақтаулы қалады.
    Тағамды барынша оңтайлы сақтау үшін
    Eco Mode функциясын таңдаңыз.  Eco
    Mode функциясы 
    тарауын қараңыз.
    Eco Mode функциясы
    Тағамды барынша оңтайлы сақтау үшін
    Eco Mode функциясын таңдаңыз.
    Функцияны іске қосу үшін:
    1.Тиісті белгіше пайда болғанша Mode
    түймешігін басыңыз.
    Eco Mode индикаторы
    жыпылықтайды.
    Температура индикаторы
    орнатылған температураны бірнеше
    секунд көрсетеді:
    –тоңазытқыш үшін: +5°C
    –мұздатқыш үшін: -18°C
    2.Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
    Eco Mode индикаторы көрсетіледі.
    Функцияны ажырату үшін:
    1. Mode түймешігін Eco Mode
    индикаторы жыпылықтағанша
    басыңыз.
    2.Құптау үшін OK түймешігін
     басыңыз.
    3. Eco Mode индикаторы сөнеді.
    Өте маңызды! Функция басқа
    орнатылған температураны таңдау
    арқылы ажыратылады.
    Балалар құлпы функциясы
    Түймешіктер арқылы орындалатын
    жұмысты бұғаттау үшін балалар құлпы
    функциясын таңдаңыз.
    Функцияны іске қосу үшін:
    1.Тиісті белгіше пайда болғанша Mode
    түймешігін басыңыз.
    2.Балалар құлпы индикаторы
    жыпылықтайды.
    3.Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
    Балалар құлпы индикаторы
    көрсетіледі.
    Функцияны ажырату үшін:
    1.Балалар
     құлпы индикаторы
    жыпылықтағанша Mode түймешігін
    басыңыз.
    2.Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
    6 electrolux
     
    						
    							3.Балалар құлпы индикаторы өшеді.
    Қосымша ылғалдылық функциясы
    Тоңазытқыштың ылғалдылығын
    арттыру керек болса, Қосымша
    ылғалдылық функциясын іске қосуды
    ұсынамыз.
    Функцияны іске қосу үшін:
    1.Тиісті белгіше пайда болғанша Mode
    түймешігін басыңыз.
    Қосымша ылғалдылық индикаторы
    жыпылықтайды.
    2.Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
    Қосымша ылғалдылық индикаторы
    көрсетіледі.
    Функцияны ажырату үшін:
    1.Қосымша ылғалдылық индикаторы
    жыпылықтағанша Mode түймешігін
    басыңыз.
    2.Құптау үшін OK түймешігін 
    басыңыз.
    3.Қосымша ылғалдылық индикаторы
    өшеді.
    Демалыс функциясы
    Бұл функция ұзақ демалысқа кетерде
    жағымсыз иіс пайда болмастан
    тоңазытқышты жабық əрі бос ұстауға
    мүмкіндік береді.
    Өте маңызды! Демалыс функциясы
    іске қосулы тұрғанда, тоңазытқыш
    камерасы бос болуға тиіс.
    Функцияны іске қосу үшін:
    1.Тиісті белгіше пайда болғанша Mode
    түймешігін басыңыз.
    Демалыс индикаторы
    жыпылықтайды.
    Тоңазытқыш температурасының
    индикаторы орнатылған
    температураны бірнеше 
    секунд
    көрсетеді.
    2.Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
    Демалыс индикаторы көрсетіледі.
    Функцияны ажырату үшін:
    1.Демалыс индикаторы
    жыпылықтағанша Mode түймешігін
    басыңыз.
    2.Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
    3.Демалыс индикаторы өшеді.
    4.Егер Eco Mode функциясы алдын
    ала таңдалған болса, ол қалпына
    келтіріледі.Өте маңызды! Функция
    тоңазытқыштың басқа орнатылған
    температурасын таңдау арқылы
    ажыратылады.
    Drinks Chill функциясы
    Мұздатқыш камераға шөлмектерді
    қойған кезде, Drinks Chill функциясы
    қауіпсіздік туралы ескерту
     міндетін
    атқарады.
    Функцияны іске қосу үшін:
    1.Тиісті белгіше пайда болғанша Mode
    түймешігін басыңыз.
    Drinks Chill индикаторы
    жыпылықтайды.
    Таймер орнатылған мəнді (30 минут)
    бірнеше секунд көрсетіп тұрады.
    2.Таймердің орнатылған мəнін 1 мен
    90 минут аралығында өзгерту үшін
    таймер тетігін басыңыз.
    3.Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
    Drinks Chill индикаторы көрсетіледі.
    Таймер жыпылықтай бастайды.
    Кері санақ аяқталғанда, Drinks Chill
    индикаторы жыпылықтап, дыбыстық
    сигнал естіледі
    :
    1.Мұздатқыш камерадағы сусындарды
    алыңыз.
    2.Функцияны ажыратыңыз.
    Функцияны ажырату үшін:
    1. Mode түймешігін Drinks Chill
    индикаторы жыпылықтағанша
    басыңыз.
    2.Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
    3. Drinks Chill индикаторы өшеді.
    Функцияны кез келген уақытта
    ажыратуға болады.
    Шопинг функциясы
    Жылы тағамды көп мөлшерде, мысалы,
    азық-түлік дүкенінен келген бетте
    салғыңыз келсе, тағамдарды неғұрлым
    тез тоңазыту үшін, əрі тоңазытқыштағы
    басқа тағамдар жібіп кетпес үшін
    Шопинг
     функциясын іске қосуды
    ұсынамыз.
    Функцияны іске қосу үшін:
    electrolux 7
     
    						
    							1.Тиісті белгіше пайда болғанша Mode
    түймешігін басыңыз.
    Шопинг индикаторы жыпылықтайды.
    Тоңазытқыш температурасының
    индикаторы орнатылған
    температураны бірнеше секунд
    көрсетеді.
    2.Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
    Шопинг индикаторы көрсетіледі.
    Шопинг функциясы шамамен 6 сағат
    уақыт өткенде автоматты түрде өшеді.
    Функцияны автоматты түрде сөніп
    қалмай тұрып өшіру үшін:
    1.Шопинг индикаторы
    жыпылықтағанша Mode түймешігін
    басыңыз.
    2.Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
    3.Шопинг индикаторы
     өшеді.
    4.Алдын ала таңдалған Eco Mode
    функциясы қайта қалпына
    келтіріледі.
    Өте маңызды! Функция
    тоңазытқыштың басқа орнатылған
    температурасын таңдау арқылы
    ажыратылады.
    Action Freeze функциясы
    Функцияны іске қосу үшін:
    1.Тиісті белгіше пайда болғанша Mode
    түймешігін басыңыз.
    Action Freeze индикаторы
    жыпылықтайды.
    Мұздатқыш температурасының
    индикаторы 
     белгішесін бірнеше
    секунд көрсетеді.
    2.Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
    Action Freeze индикаторы
    көрсетіледі.
    Анимация басталады.Бұл функция 52 сағат өткенде
    автоматты түрде тоқтайды.
    Функцияны автоматты түрде сөніп
    қалмай тұрып өшіру үшін:
    1. Mode түймешігін Action Freeze
    индикаторы жыпылықтағанша
    басыңыз.
    2.Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
    3. Action Freeze индикаторы өшеді.
    4.Алдын ала таңдалған Eco Mode
    функциясы қайта қалпына
    келтіріледі.
    Өте маңызды! Функция мұздатқыштың
    басқа орнатылған 
    температурасын
    таңдау арқылы ажыратылады.
    Жоғары температураны ескерту
    сигналы
    Мұздатқыш камераның
    температурасының көтерілуі (мысалы,
    электр қуаты үзіліп қалуы себепті)
    төмендегілер арқылы көрсетіледі:
    •ескерту сигналы мен мұздатқыш
    температурасының индикаторлары
    жыпылықтайды
    •дыбыстық сигнал естіледі.
    Ескерту сигналын қалпына келтіру үшін:
    1.Кез келген түймешікті басыңыз.
    2.Дыбыстық сигнал ажыратылады.
    3.Мұздатқыш температурасының
    индикаторы ең жоғары
    температураны бірнеше секунд
    көрсетеді. Содан 
    кейін орнатылған
    температураны қайтадан көрсетеді.
    4.Ескерту индикаторы қалыпты
    жағдайлар қалпына келгенше
    жыпылықтап тұрады.
    Ескерту сигналы тоқтаған кезде,
    ескерту индикаторы сөнеді.
    БІРІНШІ ҚОЛДАНУ
    Ішін тазалау
    Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас
    бұрын, жаңа бұйымға тəн иісті арылту
    үшін оның іші мен ішкі керек-
    жарақтарын сəл нейтрал сабын
    салынған жылы сумен жуып, содан соң
    мұқият құрғатыңыз.Өте маңызды! Жуғыш зат не жеміргіш
    ұнтақтарды пайдаланбаңыз, бұл
    құрылғының сыртқы қабатына зиян
    келтіреді.
    ƏРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
    Өте маңызды! бұл құрылғы Францияда
    сатылады.Осы елде қолданылатын ережелерге
    сəйкес бұл құрылғы мұздатқыштың ең
    8 electrolux
     
    						
    							суық зонасын көрсетіп тұру үшін оның
    астыңғы бөлігінде орналастырылған
    арнайы құралмен (суретті қараңыз)
    жабдықталуға тиіс.
    Мұздатылған тағамды сақтайтын
    камера
    Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не
    ұзақ уақыт пайдаланбағаннан кейін
    қосқан кезде, камераға тамақ салмас
    бұрын құрылғыны ең кем дегенде 2
    сағат ең жоғарғы параметрлерге қойып
    жұмыс істетіп алыңыз.
    Өте маңызды! Кездейсоқ еріп кету,
    мысалы электр қуаты өшіп, ток
    техникалық сипаттамалар
    кестесіндедегі көтеру уақыты
    бөлімінде берілген мəндерден де ұзақ
    уақыт бойы қосылмай тұрса
    , еріп кеткен
    тағамды жылдам пайдаланып не дереу
    пісіріп алып барып қайта тоңазыту
    (салқындатқан соң) қажет.
    Жібіту
    Мұздатылған не тоңазытылған тағамды
    қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа
    арналған уақыттың шамасына қарай
    отырып, оны тоңазытқыш ішінде не
    бөлме температурасында жылытуға
    болады.
    Тағамның кіші кесектерін
    тоңазытқыштан алған бетте мұздаған
    қалпы пісіре беруге болады. бұндай
    жағдайда пісіру уақыты ұзағырақ
    болады.
    Ауаны 
    салқындату
    ClimaTech технологиясы тағамды
    жылдам суытады жəне камера
    температурасын біркелкі ұстайды.
    Бұл құрал тағамды жылдам суытып,
    камера температурасын барынша
    біркелкі ұстауға мүмкіндік береді.
    Көміртекті сүзгі
    Құрылғыңыз ауа тарататын
    қорапшаның артқы қабырғасындағы
    қалқанның артында орналасқан
    көміртекті сүзгімен жабдықталған.
    Бұл сүзгі тоңазытқыш камерасындағы
    жағымсыз иісті тазартады, яғни
    тағамның сапасы жақсара түседі.
    Жылжымалы сөрелер
    Тоңазытқыштың қабырғасында
    сөрелерді қажетті қатарға
    орналастыруға арналған бірнеше
    бағыттағыш жолдар бар.
    electrolux 9
     
    						
    							Бөтелке сөресі
    Бөтелкелерді (ауызын алға қаратып)
    алдын ала орналастырылған сөреге
    қойыңыз.
    Өте маңызды! Сөре көлденең
    орналастырылған болса, тек жабық
    бөтелкелерді ғана қойыңыз.
    Ашылған бөтелкелерді сақтау үшін осы
    бөтелке сөресін еңкейтіп қоюға болады.
    Бұл нəтижеге қол жеткізу үшін сөрені
    жоғары қарай бұрып, келесі жоғарғы
    деңгейге көтеріп қоюға болады.
    Есіктің сөрелерін орналастыру
    Əр түрлі көлемде оралған тағамдарды
    орналастыру үшін, есіктегі сөрелерді əр
    түрлі биіктікке қоюға болады.
    Бұл істеу үшін төмендегі əрекеттерді
    орындаңыз:
    сөрелерді көрсеткі бағыты бойынша
    орнынан шыққанша ақырын тартыңыз
    да, содан соң қажетті орынға қойыңыз.
    NaturaFresh тарпа
    Бұл құрал тағамды жылдам суытып,
    тартпаның ішіндегі температураны
    біркелкі ұстауға мүмкіндік береді.
    Функцияны іске қосу үшін:
    1.Шопинг функциясын іске қосыңыз.
    2.Шопинг индикаторы жанады.
    3.Қалқанды суретте көрсетілгендей
    жоғары жылжытыңыз.
    10 electrolux
     
    						
    All Electrolux manuals Comments (0)

    Related Manuals for Electrolux Ena 34933 X Kazakh Version Manual