Electrolux Esi 68050 Kazakh Version Manual
Have a look at the manual Electrolux Esi 68050 Kazakh Version Manual online for free. It’s possible to download the document as PDF or print. UserManuals.tech offer 208 Electrolux manuals and user’s guides for free. Share the user manual or guide on Facebook, Twitter or Google+.

Тұтыну параметрлері БағдарламаБағдарлама ұзақтығы (минөт өлшемімен)Қуатты тұтыну (кВт/с)Суды тұтыну (литр өлшемімен) 45° Шыны ыдыс60 - 700,8 - 0,914 - 15 Табақ жылытқыш300,84 Алдын ала шаю120,14 1) Тексеру өткізетін мекемелер үшін тексеру бағдарламасы Тұтыну параметрлері жалпы ұсыныс ретінде берілген және олар судың қысымы мен температурасына,электр қуатының өзгеріп тұруына, сондай-ақ ыдыс-аяқтың санына байланысты. Күтім және тазалау Сүзгілерді тазалау Сүзгілерді мезгіл-мезгіл тексеріп және тазалап отыру керек. Кірленген сүзгілер жуу нәтижесін төмендетеді. Хабар ара-тұра қайталанып көрсетіліп, сүзгілерді тазалау қажеттілігінің бар- жоқтығын тексеруді есіңізге салып отырады. Назарыңызда болсын! Сүзгілерді тазалауға кіріспес бұрын машинаның ажыратылып тұрғандығына көз жеткізіңіз. 1. Есікті ашып, төменгі кәрзеңкені шығарып алыңыз. 2. Ыдыс-аяқ жуғыштың сүзгілер жүйесі, (A)ірі көзді сүзгіден,(B) микро-сүзгіден және тегіс сүзгіден тұрады. Сүзгі жүйесін микро-сүзгінің үстінде орналасқан тұтқаның көмегімен ашыңыз. 3. Тұтқаны сағат бағытына қарсы 1/4 бұраңыз да, сүзгілер жүйесін шығарып алыңыз. 4. (А) ірі көз сүзгіні, тесігі бар ұстағышынан ұстап, (B) микро- сүзгіден шығарып алыңыз. 5. Барлық сүзгілерді ағып жатқан суға ұстап тұрып, мұқият тазалаңыз. 6. Тегіс сүзгіні жуу бөлімінің түп жағынан шығарып алып, екі жағын жақсылап жуыңыз. 7. Тегіс сүзгіні қайтадан жуу бөлімінің түбіндегі орнына орналастырыңыз және оның өз орнына дұрыс орналасқанына көз жеткізіңіз. 8. (A)Ірі көзді сүзгіні микро-сүзгінің (B) ішіне салып, екеуін бірге басыңыз. electrolux 21

9. Құрама сүзгілерді әдепкі орнына орналастырып, ұстағышын сағат бағытына қарай тоқтағанша бұраңыз. Осы кезде тегіс сүзгінің жуу бөлімінің үстінен шығып қалмасына көз жеткізіңіз. Ыдыс-аяқ жуғышты сүзгілерсіз ЕШҚАШАН пайдаланбаңыз. Дұрыс орналастырылмаған және нығыз бекітілмеген сүзгіштер, жуу нәтижелерінің ойдағыдай болмауына ықпалын тигізіп ғана қоймай, бұйымға да зиянын тигізеді. Бүріккіш түтіктерді ЕШҚАШАН алып тастауға әрекет жасамаңыз. Егер бүріккіштердің тесіктері бітеліп қалса, жіңішке шырпымен тазалаңыз. Сыртын тазалау Машинаның сыртын және басқару панелін дымқыл жұмсақ матамен тазалаңыз. Егер қажет болса, нейтрал жуғыш затты пайдаланыңыз. Сырты тегіс емес сызаттандыратын заттарды, түрпілі тазалағыштарды немесе еріткіштерді (ацетон, трихлорэтилен, т.с.с.) пайдаланбаңыз. Ішін тазалау Есік айналасындағы тығыздағыштарды, жуғыш және шайғыш зат сауыттарын мезгіл-мезгіл дымқыл матамен тазалап тұрыңыз.Ә р 3 а й с а й ы н ж у ғ ы ш затты пайдаланып, аса кірлеген ыдыс-аяқтарды жууға арналған бағдарламаны ешбір ыдыс- аяқсыз орындап тұруды ұсынамыз. Ұзақ уақыт бойы пайдаланбау Егер машинаны ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, сізге берер кеңесіміз: 1. Машинаны электр желісінен ажыратып, содан кейін суды өшіріп тастаңыз. 2. Жағымсыз иіс пайда болмас үшін, есікті ашыңқырап қойыңыз. 3. Машинаның ішін тазалап қойыңыз. Мұздап кетуден сақтау Машинаны температурасы 0°C төмен болатын жерге қоймаңыз. Егер ондай жағдайға мүмкіншілік жоқ болса машинаны босатыңыз да оның есігін жауып, су қабылдайтын түтігін ажыратып, оны босатыңыз. Машинаны көшіру Егер машинаны көшіру қажет болып қалса, (көшу себептеріне, т.б.): 1. Электр желісінен ажыратыңыз. 2. Су құбырының шүмегін жабыңыз. 3. Су қабылдайтын және жуынды суды жіберетін түтіктерін ажыратыңыз. 4. Машинаны түтіктерімен бірге шығарып алыңыз. Тасымалдау кезінде машинаның аударылып кетуіне жол бермеу керек. Келесі жағдайларда не істеу керек ... Ыдыс-аяқ жуғыш жұмысын бастамай ж а т ы р н е м е с е ж ұ м ы с ж а с а п т ұ р ғ а н к е з д е тоқтап қалады. Кейбір мәселелер қарапайым техникалық қызмет көрсетілмегендіктен не бақылаудың жеткіліксіздігінен пайдаболатындықтан, оларды арнаулы маманды шақырмай, кестелердегі нұсқауларға сүйеніп шешуге болады. Ыдыс-аяқ жуғышты ажыратыңыз да, келесі реттеуші әрекеттерді орындаңыз. 22 electrolux

Сандық бейнебетте көрсетілетін хабар және дұрыс жұмыс істемеуМүмкін себептері және шешетін жолдары Сандық бейнебетте пайда болған хабар, жуғыштың суға толтырылмай тұрғандығын ескертеді.• Су құбырының шүмегі толып қалған немесе оған қақ тұрған. Су құбырының шүмегін тазалаңыз. • Су құбырының шүмегі жабық тұр. Су құбырының шүмегін ашыңыз. • Су жіберу құбырының клапанындағы сүзгіш (онымен жабдықталған жуғыштарда) бітеліп қалған. Шлангтағы сүзгіні тазалаңыз. • Су шлангы дұрыс орналаспаған немесе ол қысылып, суды жібермей тұр. Су шлангын тексеріңіз. Сандық бейнебетте пайда болған хабар, жуғыштан жуынды судың ақпай жатқандығын ескертеді.• Раковинаның тесігі бітеліп қалған. Раковинаның тесігін тазалаңыз. • Жуынды суды ағызатын шланг дұрыс орналаспаған немесе ол қысылып, суды жібермей тұр. Суды канализацияға жіберетін шланг қосылымын тексеріңіз. Сандық бейнебетте пайда болған хабар, су тасқынына қарсы құрылғының белсенді күйге көшірілгендігін ескертеді.• Су құбырының шүмегін жауып, жергілікті қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз. Дұрыс істемеуМүмкін себептері және шешетін жолдары Бағдарлама басталмай тұр• Ыдыс-аяқ жуғыш машинаның есігі дұрыс жабылмаған. (Сандық бейнебетте пайда болған хабар, есіктің ашық тұрғандығын ескертеді). Есікті жабыңыз. • Негізгі аша электр желісіне қосылмаған. Негізгі ашаны электр желісіне қосыңыз • Үйдегі сақтандырғыштар қорапшасындағы сақтандырғыш күйіп кеткен. Сақтандырғышты ауыстырыңыз. • Бағдарлманы кешіктіріп бастау функциясы орнатылған. Егер ыдыс-аяқтарды дереу жуу қажет болса, "кешіктіріп бастау" функциясын біржола тоқтатыңыз. Осы тексерулер өткізілген соң, машинаны қосыңыз: Бағдарлама тоқтап қалған жерінен әрі қарай жалғасады. Егер дұрыс жұмыс істемеушілік туралы хабар қайта көрсетілсе, жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Кестеде көрсетілгендегіден басқа хабарлар көрсетілсе,жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласқан кезде, машинаның үлгісін (Mod.), өнімнің нөмірін (PNC) және сериялық нөмірін (S.N.) мәлім етіңіз.Бұл мәліметті ыдыс жуғыш машинатың қабырғасында орналасқан техникалық дерек тақтайшасынан табуға болады. Осы нөмірлер әрдайым алдыңызда болуы үшін, оларды мына жерге жазып қоюға кеңес береміз: Үлгі (Mod.) : . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Өнім нөмірі (PNC): . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Сериялық нөмірі (S.N.) : . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . electrolux 23

Жуу нәтижелері қанағаттанарлық емес Ыдыстар таза емес• Сай келерлік бағдарлама дұрыс таңдалмай, басқа бағдарлама таңдалған. • Ыдыс-аяқтар су барлық жерлеріне жақсы тиюге кедергі жасайтындай орналастырылған. Кәрзеңкелерге белгіленген мөлшерден артық ыдыс-аяқ салуға болмайды. • Ыдыс-аяқ дұрыс қаланбағандықтан, бүріккіштер еркін айнала алмай тұр. • Жуу бөлімінің төменгі жағындағы сүзгілер кірленген не дұрыс орнатылмаған. • Жуу заты өте аз мөлшерде салынған немесе мүлдем қолданылмаған. • Ыдыс-аяққа қақ тұрып қалған жағдайда; тұз контейнері босап қалған не суды жұмсартқыштың дұрыс деңгейі таңдалмаған. • Жуынды суды ағызатын шланг дұрыс қосылмаған. • Тұз контейнерінің қақпақшасы дұрыс жабылмаған. Ыдыс-аяқ сулы және түсі жақсы емес• Шаю заттары қолданылмаған. • Шаю затының контейнері босап қалған. Ыдыс-аяқтарға жолақ-жолақ сызаттар мен ақшыл таңдақтар түскен немесе шыны ыдыстардың үсті көкшіл тартқан• Шаю затының қосылу мөлшерін азайтыңыз. Стакандар мен ыдыстарда құрғап қалған су тамшыларының іздері қалған• Шаю затының қосылу мөлшерін көбейтіңіз. • Бұның себебі жуу заттары болуы мүмкін. Жуу заттарын өндірушінің, тұтынушыларды қолдау бөлімімен хабарласыңыз. Егер осы тексерулерді өткізгеннен соң, ақаулық тағы да орын алса, жергіліктіқызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Техникалық дерек ӨлшемдерЕні Биіктігі Тереңдігі59,6 см 81,8 - 89,8 см 57,5 см Электр желісіне қосылым - Кернеу - Жалпы қуат - СақтандырғышЭлектр қорегіне қосылу туралы мәлімет, жуғыш есігінің ішкі бетіндегі техникалық ақпарат тақтайшасында берілген. Берілетін судың қысымыЕң аз Ең көп0,5 бар (0,05 MПa) 8 бар (0,8 MПa) Өнімділік 12 кісіге арналған ыдыс-аяқ жинағы Салмақ 45 кг Тексеру тест өткізетін институттар үшін кеңестер EN 60704 ережесіне сәйкес тексеруді өткізу үшін, машина ыдыс-аяқпен толтырылған болуы керек және сынақбағдарламасы пайдаланылуы тиіс ("Тұтыну параметрлері" бөлімін оқыңыз). EN 50242 ережесіне сәйкес тексеруді өткізу үшін, тұз және шаю затына 24 electrolux

арналған қорапшалар тұзбен, шаю затымен жеке-жеке толтырылған болуы керек және тексеру бағдарламасыпайдаланылуы тиіс ("Тұтыну параметрлері" бөлімін оқыңыз). Толық толтыру: 12 кісіге арналған стандартты ыдыс-аяқ жинағы Жуғыш заттың қажетті мөлшері:5 г + 25 г (В түрі) Шайғыш зат параметрін орнату4-ші орын (III түрі) Сынақты шыны стакан ұстағышты орналастырмай өткізу ҚАЖЕТ. Бұл ұстағышты үстіңгі себеттен АЛЫП ҚОЙЫҢЫЗ. Үстіңгі себетке ыдыс-аяқтарды орналастыру Астыңғы себетке ыдыс-аяқтарды орналастыру Ас құралдарының ас құралдары себетінде орналастырылуы Орнату Назарыңызда болсын! Осы машинаны орнату үшін керек болған электр және су беру мен канализация жүйесіне қосу жұмыстарын тек қана білікті электрик, сантехник немесе білікті маман атқаруы керек.Машинаны орналастырмас бұрын,орам материалдарының барлығын алыңыз. Мүмкін болса, машинаны су құбырының шүмегі мен канализацияға қосылатын жердің қасына орналастырыңыз. electrolux 25

Бұл ыдыс жуғыш машина ас үй жиһазының ішіне, не үстелдің астында орналастыруға лайықтап жасалған. Назар аударыңыз!Ыдыс жуғыш машинаны жиһаздың ішіне орнатып, жиһаз панелін орналастыру туралы қосымша үлгіде берілген нұсқауларды мұқият сақтаңыз. Суды беру, суды канализацияға жіберу және электр желісіне қосу сияқты негізгі жүйелерді жиһаз қабырғасынан сыртқа өткізетін тесіктерден басқа ешбір тесікті ойып орнатудың қажеті жоқ. Жуғыштың биіктігін орнату үшін аяқтарын пайдаланыңыз. Ыдыс жуғыштың ішкі құрамдас бөлшектеріне қатысты жұмыстар жүргізілгенде, оны электр желісінен ажыратыңыз. Машинаны кіргізіп орналастырмас бұрын, су беретін және жуынды суды канализацияға жіберетін түтіктердің,электр желісіне қосатын кабельдің шиеленісіп, не жаншылып қалмағандығына көз жеткізіңіз. Іргелес орналасқан заттарға жанастыра бекіту Ыдыс жуғышты жантаюдан сақтаңыз. Сондықтан да, ыдыс жуғыш машина жиһазының іргелес жатқан жиһаздарға(көршілес ас үй бөлімдері, қабырға немесе шкаф) берік жанастырыла бекітілгенін тексеріңіз. Тіктеп орнату Машинаның есігі жақсы жабылу үшін оны дұрыс тіктеп орнатудың маңызы зор. Машина дұрыс тіктеліп орнатылса, оның есігі ашылғанда, шкафтың екі жағы тұтылып қала бермейді. Егер есік дұрыстап жабылмаса, өзгертпелі аяқтар арқылы машинаны жөндеп тіктеп қойыңыз. Су жүйесіне қосу Сұ құбырына қосылу Бұл құрылғыны не ыстық не (макс. 60°С)суық су желісіне қосуға болады. Ыстық суға қосқан кезде тұтынылатын қуаттың көлемі әжептәуір азаяды. Бұл дегенмен, ыстық судың қалай алынатындығына байланысты. (Біз қоршаған ортаға неғұрлым зиянсыз қуаттың басқа да альтернативті түрлерін мысалы, күн қуатын, фотоэлектрлі панель мен жел қуатын пайдалануды ұсынамыз). Бұл тығырық су құбырына қосылымды жүзеге асыру үшін, машинаның су беретін түтігіне лайықтап жасалған,әрі ¾ бұралып түтікке түйістіруге немесе жедел жалғастыратын шүмекке қосуға арналған. Су қысымы "Техникалық деректер" бөлімінде берілген шектер шегінен аспауға тиіс. Аймағыңыздағы су құбырларындағы орташа қысым туралы мәліметті жергілікті сумен қамтамасыз ететін мекемеден аласыз. Су беретін шлангты қосып жатқанда ол майысып, жаншылып, не шиеленісіп қалмаған болуы керек. Ыдыс жуғыш машинаның функциялары,контргайканың көмегіарқылы солға не оңға қарай бұрыла алатындай етіп орнатылған түтіктерді сумен толтырып және жуынды судан босатып беріп отырады. Су ағып кетпес үшін контргайка дұрыс орнатылуға тиіс. Назар аударыңыз! Ыдыс жуғыштардың барлық үлгілері бірдей контргайкамен жабдықталған су беру және жуындыны жіберу түтіктерімен ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛМЕГЕН. Аталмыш жуғышта бұл құрылғы қарастырылмаған. Егер бұл құрылғы жаңа құбырларға немесе ұзақ уақыт пайдалануда болмаған құбырларға қосылмақ болса, су қабылдайтын түтікті қоспас бұрын, суды бірнеше минут ағызып қойыңыз. Ескі машиналарда қолданылған түтіктерді ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Бұл құрылғы аталмыш машинада қолданылған судың таза ауыз су жүйесіне қайта барып қосылуынан сақтандыратын қауіпсіздік құралымен жабдықталған. Бұл құрылғы қолданыстағы сантехникалық ережелерге сай келеді. 26 electrolux

Қорғауыш клапаны бар су қабылдайтын түтік Қос қабатты су қабылдайтын түтікті қосып болғаннан соң, қорғауыш клапан шүмектен кейін орналасады. Сол себепті су беретін түтік су ағып тұрған сәтте ғана қысымды болады. Суды қабылдайтын түтіктен су кетсе, қорғауыш клапан су беруді тоқтатады. Су қабылдайтын түтікті орнатқан кезде, келесі кеңестерге назар аударыңыз: • Қорғауыш клапанға келетін электр тоғының сымы қос қабатты түтіктің ішіне енгізілген. Су қабылдайтын түтікті немесе қорғауыш клапанды суға батырмаңыз. • Егер су қабылдайтын түтік немесе қауіпсіздік клапаны бұзылса, машинаны электр желісінен ажыратып қойыңыз. • Қорғауыш клапаны бар су қабылдайтын түтікті МІНДЕТТІ ТҮРДЕ жергілікті қызмет көрсету орталығының қызметкері ауыстырып беруге тиіс. Назарыңызда болсын! Қатерлі кернеу Жуынды суды жіберетін түтікті қосу Жуынды суды ағызатын түтікті келесі жолмен жалғауға болады: 1. Оны раковинаның түтікшесінің сыртқы жағына бекіте орналастыру керек. Бұл раковинадан ағып жатқан жуынды судың машинаға құйылып кетуінен сақтайды. 2. Вентиляциялық тесігі бар құбырға сай келу үшін, ішкі диаметр ең кем дегенде 4 см болуы керек. Канализация жүйесіне қосылу ыдыс-аяқ жуғыштың түбінен 60 см биіктікте орналасуы керек. Жуынды су жіберетін түтік ыдыс жуғыш машинаның сол жағына, не оң жағына қарап тұруы керек. Түтіктің майысып, не болмаса жаншылып қалмағандығына көз жеткізіңіз, себебі бұл жуынды судың кетуін тоқтатып не баяу ағуына әкеліп соғады. Раковинаның тесігі машинадан жуынды суы кетіп жатқанда тығындалмауы керек, себебі бұл жуынды судың машинаға кері құйылып кетуіне себеп болуы мүмкін. Жуынды суды ағызатын түтіктің ұзындығы, егер ұзартқышты пайдаланып отырсаңыз оны да қоса алғанда, 4 метрден ұзын болмауы керек. Түтікті ұзартқыштың ішкі диаметрі, бұйыммен бірге жеткізілген түтік диаметрінен кем болмауы керек. Сонымен қатар, жуынды су жіберетін түтікті канализация құбырына қосу үшін қолданылатын муфталардың ішкі диаметрі машинамен бірге жеткізілген түтік диаметрінен кем болмауы керек. Канализация түтігін раковинаның астындағы түтікшеге қосар кезде,оның сыртындағы пластмасса қабығын тұтастай(A) алып тастау қажет. Егер бұл пластмасса қабықты алып тастамасаңыз, тамақ қалдықтары біртіндеп ыдыс жуғыш машинаның жуынды су ағызатын түтігін толтырып қоюы мүмкін electrolux 27

Біздің бұйымдарымыз жуынды судың машинаға қайта құйылуынан сақтайтын қауіпсіздік құрылғысыменжабдықталған. Егер сіздің раковинаңыздың түтігі "қайтармайтын клапанмен" жабдықталса, онда бұл жуынды судың машинадан дұрыс ақпауына ықпал тигізуі мүмкін. Сондықтан да біз бұл клапанды алып тастауға кеңес береміз.Орнатқаннан кейін су ағып кетпес үшін су қосылымдарының берік екендігіне көз жеткізіңіз. Электртоғына қосу Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік стандарттарының талабына сәйкес машина жерге қосылған болуы керек. Бұйымды бірінші рет пайдаланар алдында, жергілікті электр қуаты көзінің кернеуі және оның берілу түрі техникалық талаптар тақтайшасында көрсетілген талаптарға сай келетіндігіне көз жеткізіңіз. Сонымен қатар, сақтандырғыштың техникалық сипаттамасын да техникалық талаптар тақтайшасынан табуға болады Электр қосқышын әрқашан тұйықталудан сақтандырылған, дұрыс орнатылған розеткаға қосыңыз. Бірнеше құрылғыларды тоқ көзінен қоректендіретін қосқыштарды, біріктіргіштерді және ұзартқышкабельдерді пайдалануға болмайды. Олар қызып кетіп, өрт шығу қаупін тудыруы мүмкін. Егер қажет болса, үйіңіздегі электр желісіндегі розетканы ауыстырып алыңыз. Егер электр кабелін ауыстыру қажет болса, жергілікті қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз. Бұйымды орнатып болғаннан кейін, бұймды тоқ көзіне қосқыш қол жетер жерде болуы керек. Қосқышты электр желісінен ажырату үшін, ешқашан оның сымынан тартпаңыз. Әрдайым қосқышты қолмен тартып шығарыңыз. Жоғарыда көрсетілген сақтық шаралары жүзеге асырылмағандықтан орын алған ақаулықтар үшін өндіруші жауапты болмайды. Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы мағлұматтар Бұйымдағы немесе бұйым қорапшасындағы белгісі осы бұйым кәдімгі үй қалдығы емес екенін көрсетіп білдіреді. Сондықтан оны ескі электр және электроникалық бұйымдарды жинап утилизация үшін арнайы контейнерлерге салуыңыз керек. Осы бұйымды дұрыс түрде утилизация арқылы Сіз қоршаған орта менен адам денсаулығына түсіп пайда бола алатын зиянын болдыртпауын үшін үлес қоса аласыз; осы зиян бұл бұйымды дұрыс емес қолданғанда пайда болуы мүмкін. Осы бұйымның утилизациясы туралыкөбірек білуіңіз үшін жергілікті әкімшілігіңізбен, қалдықтарды жинап әкететін мекемеңізбен немесе осы бұйымды Өзіңізге сатқан дүкенімен хабарласыңыз. Буып-түйетін материал Буып-түйетін материалдар қоршаған ортаға зиян келтірмейді және оларды қайта өңдеуге болады. Пластмассадан жасалған құрамдас бөліктер олардағы белгілер бойынша анықталады, мысалы, >PEPS

Назарыңызда болсын! Машина пайдалануға жарамсыз болып табылғанда: • Машинаны электр қуаты көзінен ажыратып тастаңыз. • Кабельді және қосқышты кесіп алып, оларды қоқыс жәшігіне тастаңыз. • Есік ілмегін алып тастаңыз. Бұл балалардың машина ішіне кіріп қалып, өз-өзін жауып қойғаннан, яғни олардың өмірлеріне қауіп тудырудан сақтайды. electrolux 29